Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Енді атаулы әлеуметтік көмекті бір рет қана құжат тапсырып алуға болады. Яғни, қолданысқа енген өзгеріс бойынша, төлемнің үш түрі біріктіріліп отыр. Атап айтсақ, атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға және 4 және одан да көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы. Атаулы әлеуметтік көмек елімізде белгіленген кедейлік шегінен төмен тұратын отбасыларға тағайындалады. Яғни, отбасының жан басына шаққандағы кірісі республикалық бюджетпен бекітілген күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан аспаған жағдайда ортадағы айырма ретінде төленеді. Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 698 теңге болса, оның 50 пайызы 14 849 теңгені құрайды. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз түрде бекітіледі.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН

«ҚАШАҒАНДА» БОЛУЫ МҮМКІН АПАТТЫ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ

АУЫЛҒА ЖҰМЫСҚА БАРҒАН МҰРАҒАТШЫЛАР МЕН IT МАМАНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК