Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

«АРНАУЛЫ АВТОБАЗАНЫҢ» БҰРЫНҒЫ БАСШЫЛАРЫ СОТТАЛДЫ (видео)

Атырау, Caspian News.

«Арнаулы автобаза» мекемесінің бұрынғы басшылары абақтыға аттанды. Экс-директор Самат Тұрниязов пен оның орынбасары Асқар Қалдыбаев 5 жылға сотталса, бұларға қарсы куәлік еткен Артур Сұлтанов 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Ал мердігер компанияның басшысы — Самат Тұрниязовтың ұлы Ербол Қуаныш кінәсыз деп танылып, сот залынан ақталып шықты. Ескерте кетейік, тергеу орындары бұларға «бөтеннің мүлкін талан-таражға салды», «қызмет бабын теріс пайдаланды» және «қызметтік жалғандық жасады» деп айып таққан еді.Оларға сенсек, бұлар мемлекеттің 70 млн. теңгеге жуық қаржысын жымқырған-мыс. Сотталушылардың айтуынша, ұлттық бюроның қызметкерлері бұларға қатысты қылмыстық істі тек бір куәгердің айтуынша қозғап, көптеген маңызды деген мәліметтерді көзден таса қалдырған. Және тергеу кезінде қысым көрсеткен.

Оқи отырыңыз...

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ӘДІЛ ЖҰБАНОВ ЖЕРЛЕСІНЕ ҮЙ СЫЙЛАДЫ

Сирияда содырлар 3 қазақстандық әйелді өлім жазасына кесті

ИРАНДАҒЫ ШАХИД РАДЖАИ ПОРТЫ АҚШ-ТЫҢ СОҚҚЫЛАРЫНАН ЗАҚЫМДАЛМАҒАН, КӘСІПОРЫН ҚҰРЫЛЫСЫ ЕКІ АЙДА БАСТАЛАДЫ