Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АЙЫППҰЛ 10 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Төтенше жағдай режимін бұзғандарға салынатын айыппұл 10 есеге өсті. Енді алғашқы тәртіпбұзушылық үшін 100 АЕК немесе 15 күндік қамауға алу жазасы белгіленеді. Ал оны қайталағандар жарты миллионды құрайтын 200АЕК төлейді немесе бақандай бір айға қамалады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген осы және өзге де түзетулер Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлданды. Аталған өзгерістер Мемлекет басшысының төтенше жағдай кезінде денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жетілдіру, санитарлық-карантиндік бақылау және елдің эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Еске салайық, бұған дейін тәртіп бұзушыларға 10 АЕК дейінгі айыппұл немесе 10 тәулікке қамауға алу белгіленген болатын.

Оқи отырыңыз...

ШЕКАРАДА ШЕГІРТКЕ ЖОҚ: ҚАЗАҚСТАН, ҚЫРҒЫЗСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН БІРЛЕСКЕН ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ

ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР АТЫРАУЛЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРДЕЛЕЙДІ

МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ТАРИХИ АУМАҚТАР ҚАРАУСЫЗ ЖАТЫР