Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАқтөбе жаңалықтарыЖаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ 50 СОТТАЛҒАН АЗАМАТ ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Caspian News, 3 қыркүйек. Ақтөбеде жазасын өтеушілерді қоғамға қайта бейімдеу және оларды еңбекке тарту мақсатында жаңа өндірістік учаске пайдалануға берілді. Мемлекет пен бизнестің серіктестігі аясында жүзеге асқан жоба «Ramazan Qus» ЖШС аумағында орналасқан.

Бастама шеңберінде қауіпсіздігі барынша төмен №9 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 50 азамат құс фабрикасына жұмысқа орналастырылды.

🏢 Заманауи жатақхана мен тұрмыстық жағдай

Жобаны іске асыру барысында қауіпсіздік пен бақылау талаптарына басымдық берілген. «Ramazan Qus» компаниясы өз қаражаты есебінен жазасын өтеушілерге арнап 560 шаршы метрлік арнайы ғимарат салып берді.

Жаңа нысанда жұмысшылардың тұрақты тұруы мен демалуы үшін барлық жағдай жасалған:

  • Жатын және ас бөлмелері;

  • Тәрбиелік шаралар мен теледидар қарауға арналған демалыс орны;

  • Заманауи жуынатын бөлмелер.

Тимур ЕСЕНЖАРОВ, ЖШС бас директоры:

«Құс фабрикасының аумағында жазасын өтеушілердің тұруы үшін барлық жағдайы жасалған жатақхана берілді. Сотталған азаматтар осы жерде еңбек етіп қана қоймай, белгіленген тәртіпке сәйкес арнайы жатақханада тұрады».

🛠️ Президент тапсырмасы және болашақ жоспарлар

Түзеу мекемелеріндегі азаматтарды еңбекке орналастыру — Мемлекет басшысының берген тікелей тапсырмаларының бірі. Бұл олардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамнан өз орнын табуына ықпал етеді.

Қанат АЛПЫСБАЕВ, Ақтөбе облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары:

«Сотталғандарды еңбекпен қамту — оларды түзеу жолына түсіріп, әлеуметтік бейімдеудің ең тиімді жолы. Жұмыс арқылы олар жаңа мамандық үйреніп, еңбек тәртібіне бейімделеді».

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің хабарлауынша, бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасады. Таяу арада тағы 50 жазасын өтеуші азамат жергілікті құрылыс компаниясына жұмысқа орналастырылмақ.

Оқи отырыңыз...

Азат Сұлтанов: Диқандар жанар-жағармай тапшылығынан қорықпаса болады Ресейдегі жанар-жағармай нарығындағы дүрбелеңге қарамастан, қазақстандық фермерлерге алаңдауға негіз жоқ. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың мәлімдеуінше, дизель отынының кепілдендірілген көлемі бекітілген кестеге сай бөлініп жатыр. Биылғы көктемгі егіс жұмыстарына аграршылар үшін 402 мың тонна дизель отыны бөлінген. Бұл — жыл сайын тұрақты түрде бөлінетін дәстүрлі көлем. Егер фермерлерде пайдаланылмаған отын қалдығы болса, оны өсімдіктерді күтіп-баптау мен химиялық өңдеу жұмыстарына жұмсауға құқылы. Аймақтардан түскен жалпы өтінім көлемі шамамен 800 мың тоннаны құрайды (бұл көрсеткішке астық пен майлы дақылдарды кептіруге арналған отын кірмейді). Еліміздің әр өңірінде өзіндік мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) жұмыс істеп тұр. Вице-министр зауыттардың үздіксіз жұмысы егіс науқанының тоқтап қалуына жол бермейтінін айтып, шаруаларды сабырлыққа шақырды.

АТЫРАУЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУҒА ҚАТЫСТЫ

ЖӘРМЕҢКЕ — ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК