Жаңалықтар

Aтыраулықтар кешкі 7-ден кейін себепсіз көше кезе алмайды

Енді атыраулықтар кешкі сағат 7-ден кейін себепсіз көше кезе алмайды.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы осындай. Нақтырақ айтсақ, дүкендер мен дәріханалар, жұмыстан өзге, медициналық көмекке жүгінуге барғандарға бұл талап қойылмайды. Бірақ олар бетперде киюлері тиіс. Ал жасы 65-тен асқан қарияларға далаға шығуға мүлдем рұқсат жоқ.

Ал сырттан келгендер қаладан шығуға асық. Дегенмен құзырлы органдар сәуірдің екісіне дейін әр азаматтың өзінің тіркелген мекен-жайына жетіп алуына мүмкіндік берді. Белгіленген уақыттан соң қала толық жабылып, кіріп-шығуға қатаң тыйым салынбақ.

Осылайша, кейбір көліктер келген жолымен кейін бұрылды. Қала тұрғындарын бекетке дейін жеткізіп, түсіріп кетіп жатқан таксилер де кездесті.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *