Атыраулық оқушылар республикалық «Зерде» конкурсынан жүлделі оралды. Нақтырақ айтқанда, жуықта «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өткен 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының жарысында Лира Байдилдаева, Зере Саясат пен Балауса Габдилкакимнің дайындаған жұмыстары 1-орынға лайық деп танылса, Мадина Ғалымжанованың жобасы 2- орынды ие болды.Ақдидар Қалау, Мұхамедияр Әбілқайыр, Саян Лұқпан, Әнел Ерболат пен Дінмұхаммед Қонайұлының еңбегі ақталып, үздік үштікті қорытындылады. Арнайы грамотамен Ильяс Ақжолұлы марапатталған.Жақсы нәтиже көрсетуге тырысқан басқа да жас зерттеушілеріміздің әрқайсысына сертификат табыс етіліпті. Жалпы байқауға облыстың атынан 19 оқушы қатысты.
Толығырақ сілтемеде
https://www.facebook.com/reel/774028944287557