Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

СӘБИЛЕРДІҢ ДЕНІ САУ

Атырауда Covid-19 инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдер жеңілденді. Келіншектер 12 мамыр күні №2 Атырау облыстық ауруханасында сап-сау ұл мен қызды дүниеге әкелді. Аналар жүктіліктің 38-ші аптасында инфекциялық стационарға жатқызылған.


Аслан ЖЕҢІСҰЛЫ, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі
—
Салмағы 3,620 г бойы 53 см болып туылған қыз баланы 29 жастағы әйел кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелді. Ал 24 жастағы әйед өздігінен салмағы 4,270 г, бойы 56 см ұл баланы босанды.

Жаңа туған сәбилер инфекциялық ауруханадан облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Ал аналар №2 облыстық ауруханасында ем алуды жалғастырмақ. Олар перзенттерін инфекциядан толық жазылып шыққаннан кейін ғана қолдарына алады.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА МАСА УЛАУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ: ТЕНДЕР ҚҰНЫ 100 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

АҒЗА САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСТЫ ДЕГЕН КҮДІКТІ ПОЛЬШАДАН ҚАЗАҚСТАНҒА ЭКСТРАДИЦИЯЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА КЕПІЛСІЗ КРЕДИТТЕРДІ «БІР ТЕРЕЗЕ» АРҚЫЛЫ РЕТТЕЙТІН FINKELISIM.KZ ПЛАТФОРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ