Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

58 лауазымдық тұлға жауапкершілікке тартылды

Атырау, Caspian News.

Өткен жылы өңірде 58 лауазымдық тұлға тәртіп бұзып,  жауапкершілікке тартылыпты. Мұны мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мәлімдеді.  Сондай ақ азаматтардан  мемлекеттік қызметкерлердің  бейәдебі мен сапасыз қызметіне шағымданған  300-ден аса арыз келіп түскен. Осы фактілер бойынша тексеру жүргізіліп Махамбет аудандық ветеринариялық бөлім басшысының Этикалық кодекс нормаларын сақтамағаны анықталды. Нәтижесінде мемлекеттік қызметкер  қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Оқи отырыңыз...

РУХАНИ БІРЛІК: ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ «АҚ ДЕПО» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН БІРІКТІРДІ

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚ АЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ?

ҚМГ мұнай-газ химиясы жобаларын жүзеге асыруда қазақстандық өндірушілерді қолдауды күшейтуде