Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҰМАЙ» ИПОТЕКАСЫ БАСТАЛДЫ

Caspian News, 31 тамыз. 31 тамыздан бастап Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге арналған «Ұмай» женский ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Жоба мемлекеттік бюджеттен емес, Азия даму банкінің қаржыландыруымен іске асырылуда.

Алғашқы транш көлемі 9 млрд теңгені құрайды. Конкурстық іріктеу қарастырылмаған, өтінімдер лимит аяқталғанша қаралады.

📋 Бағдарламаның негізгі шарттары

  • Максималды несие сомасы: 50 млн теңгеге дейін.

  • Жылдық мөлшерлеме: 14,8% (ЖТСМ 16,3% – 16,8%).

  • Бастапқы жарна:

    • Астана мен Алматыда – кемінде 20%;

    • Басқа өңірлерде – кемінде 15%.

  • Табыс талабы: Отбасының орташа айлық таза табысы 1,25 млн теңгеден аспауы тиіс (соңғы 6 айдың табысы расталуы керек).

  • Мүлік пен тіркеу: Атында өзге жылжымайтын мүліктің болуы немесе тіркеу (прописка) шектеулері қатысуға кедергі келтірмейді.

  • Қолжетімді тұрғын үй: Бастапқы нарық, құрылыс сатысындағы нысандар (кепілдігі бар) және 2016 жылдан бері салынған екінші нарықтағы пәтерлер.

📊 30 млн теңгелік пәтерге есептеу үлгісі (Алматы/Астана)

Банк сату бағасы мен бағалау құнының төменгісіне сүйеніп, 80%-ын (24 млн теңге) несиеге береді, ал 20%-ын (6 млн теңге) қарыз алушы өзі төлейді.

Ай сайынғы төлем (алғашқы 10 жылда):

  • Депозитте жинақ болмаса: ~387 200 теңге.

  • Депозитте 2,4 млн теңге жинақ болса: ~365 600 теңге (айлық төлем ~21 600 теңгеге азаяды).

Маңызды: 10 жылдан кейін қарыз алушы тұрғын үй заемына (жиналған 50% депозит есебінен) ауысып, пайызы 3,5%–5%-ға дейін, ал айлық төлемі едәуір төмендейді.

📲 Өтінімді қалай тапсыруға болады?

Өтінімдерді Отбасы банк бөлімшелерінде, сондай-ақ бейнеқызмет немесе Baspana Market (otbasybank.kz) порталындағы жеке кабинет арқылы онлайн жіберуге болады.

Оқи отырыңыз...

ЖЫЛЫОЙДА СУҒА ТҮСУ МAУСЫМЫ АШЫЛҒАН ЖОҚ: ҚАУІПТІ АУМАҚТАРДА КҮНДЕЛІКТІ РЕЙД БАСТАЛДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ОБЛЫСТА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ЕКЕНДІГІ БАЙҚАЛДЫ