Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратБизнесЖаңалықтарҚаржыСалық

ҚАЗАҚСТАНДА ОЙЫН БИЗНЕСІ БЮДЖЕТКЕ МИЛЛИАРДТАҒАН ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСІРДІ

Caspian News, 29 шілде. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында ойын бизнесі мен букмекерлік кеңселер Қазақстан бюджетіне 25 миллиард теңге салық төледі. Бұл қаражаттың 10,6 миллиард теңгесі тікелей Алматы облысының қазынасына түскен.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, соңғы екі жарым жылда аталған сала мемлекетке жалпы жиынтығы 184,7 миллиард теңге салық аударған. Оның ішінде 53,8 миллиард теңгесі Алматы облысының бюджетін толтырды. Қазіргі уақытта Қонаев қаласында 21 ойын мекемесі, атап айтқанда 5 казино, 13 букмекерлік кеңсе және 3 ойын автоматы залы жұмыс істеп тұр. Жалпы бұл сферада 2,5 мыңға жуық адам еңбек етуде.

Жергілікті билік өкілдері ойын бизнесінің тек салықтық түсімдерді арттырып қоймай, ішкі және сыртқы туризмді дамытуға да септігін тигізіп отырғанын атап өтті. Ресми деректерге сәйкес, казиноға келушілердің әрбір бесіншісі — шетел азаматы.

Оқи отырыңыз...

ЖИТЕЛИ АКТОБЕ ЗАМЕРЗАЮТ В СВОИХ КВАРТИРАХ БЕЗ ОТОПЛЕНИЯ

ҰҚШҰ САММИТІ: БАС ХАТШЫ АУЫСТЫ, 2026 ЖЫЛҒА ЖАҢА МІНДЕТТЕР БЕКІТІЛДІ