Басты ақпаратЖаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӨРТТЕН АМАН ҚАЛҒАН ҮШ НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР

Caspian News, 19 қараша. Түркістан облысының Жетісай ауданы, Алғабас ауылында орын алған қайғылы 12 адам қаза тапты. Марқұмдардың тоғызы – бала.

Оқиға орнында жүргізілген тексеріс нәтижесінде өрттің шығу себебі анықталды. Түркістан облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Думан Қыдырмоллаевтың мәліметінше, өрт ақаулы сетевой фильтрден басталған.


Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жетті

Алғабас ауылында өрт сөндіру бөлімшесі жоқ. Төтенше жағдай туралы хабар түскен бойда құтқарушылар Жетісай қаласынан шығып, ауылға 8 минут ішінде жеткен.


Аман қалған үш адамның жағдайы

Өрттен аман қалған үш адам – 18 жастағы қыз, бір әйел және бір ер адам – ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың денесі 11–12%-дан 30%-ға дейін күйген. Барлығы жан сақтау бөлімінде.


Денсаулық сақтау министрлігі көмек жіберді

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жағдайға қатысты мәлімет берді. Оның айтуынша:

  • Түркістан және Шымкент қалаларынан санавиация арқылы қосымша 5 дәрігер жіберілді;

  • Олардың қатарында токсикологтар, ересектер және балалар реаниматологтары бар;

  • Науқастар қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген;

  • Жағдайлары тұрақтанған бойда пациенттерді Шымкентке немесе Астанаға ауыстыру мәселесі қаралады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *