Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДА «БОЗЖЫРА» ВИЗИТ-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында жаңа туристік нысанның алғашқы қазығы қағылды. Заманауи үлгіде салынатын визит-орталықта саяхатшылар үшін барлық жағдай жасалмақ. Онда келушілер орталығы, этно-кафе мен глэмпингтер бой көтереді. Жобада 17 глэмпинг павильоны, 50 қонақүй бөлмесі, жалпы аумағы 450 шаршы метр болатын визит-орталық пен этно-кафе қарастырылған. Кешен құрылысы отандық инвестордың жеке қаржысына жүзеге аспақ.

Оқи отырыңыз...

Қонақжай Студия — Жәниба Қарасаева

«МИР МЕХА» В АТЫРАУ

Келер жылы Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаржы өсуі мүмкін