Биыл елімізде 96 млн. тоннадан астам мұнай мен газ конденсатын өндіру жоспарланып отыр. Яғни өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10%-ға көп. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Оның сөзінше, негізгі ұлғайту осы жылдың ІІ тоқсанында іске қосылатын Теңіз кен орнындағы «Келешек кеңейту» жобасын іске асыру есебінен болмақ.
