Мақат ауданының салықшылары жеке сот орындаушылармен және полицейлермен бірлесіп, көлік салығын төлемей жүргендерді анықтау үшін рейд өткізді. Борышкерлер көшеден тоқтатылып, алдымен ескерту берілді. Оған құлақ аспағандардың көліктері алдағы уақытта автотұраққа қойлатын болады.
Жалпы ауданда 102 адамның 3 364 815 теңге көлемінде салық берешегі бар. Оның ішінде салық — 2 418 670 теңге болса, өсімпұл — 946 145 теңге. Борышкерлерге салық берешегін өтеу туралы хабарлама тиісті түрде ескертілгенімен олар салық төлеуге асығар емес.
Қазіргі таңда жеке сот орындаушыға 45 салық төлеушінің 2 млн 400 мың теңгеден астам берешегін өндіру туралы атқару ісі жолданған.
Гүлнұр ҚАЛИЕВА, жеке сот орындаушы
— Бүгінгі апталық рейд жұмыстары негізінде 50 автокөлік тоқтатылып, заңға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, яғни, салық берешегі болған уақытта айыппұл болған жағдайда автокөліктері автотұраққа қойылатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бүгінгі күні екі автокөлік жүргізушіні тоқтатқан кезде мемлекет пайдасына берешегі анықталып, алдағы уақытта автокөліктері автотұраққа қойылытыны ескертілді.