Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

8 ЖАСАР НАУҚАС АНЫҚТАЛДЫ

Махамбет ауданының 8 жасар тұрғыны коронавирус жұқтырды. Кішкентай қыз аудандық орталық ауруханада ем қабылдаған. Артынша Covid-19-ға тапсырған сынама нәтижесінде вирус жұқтырғандығы анықталып, инфекциялық стационарға жатқызылды. Одан бөлек, индерлік жүкті әйел мен 4 мамыр күні Астраханьнан келген студент те аталған дертпен ауруханаға түсті. 24 жастағы жігіт сапардан оралған бойда стационарға жатқызылған. Қазір инфекция ошақтары мен науқастармен байланыста болғандар анықталуда. Жалпы, Атырау облысында коронавирус  инфекциясын жұқтырғандардың саны 223-ке жетті.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА ЭКО-АКЦИЯ ӨТТІ: 70 МЫҢ ПЛАСТИК БӨТЕЛКЕ ЖИНАЛЫП, 7 МЫҢ БАЛМҰЗДАҚ ТАРАТЫЛДЫ

Мәскеуде адамдар толып тұрған көпір қирады

БҚО полициясына 900 мың теңге тұратын массаж креслосы неге керек?