Ақтауда кәмелетке толмағандардың арасында вандализмге бой алдыру дерегі азаймай тұр. Жуырда қаладағы жағажайда тұрған тас қоршауды балалардың қиратып жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Полицейлер тентектерді ұстап, олардың ата-аналарын оқиға орнына шақыртып, айыппұл төлеуге міндеттеді. Жалпы биыл Маңғыстау облысында инфрақұрылым нысандарын бұзу, көшедегі жасыл желекті сындырып, жұлуға қатысты 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылған.
