Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

6 АҚПАН КҮНІ ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Атырауда 6 ақпан күні, сағат 11:00-де дабыл сиренасы іске қосылады. Бұл республикалық «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес орындалады. Мұндай ақпаратты Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратты. Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ, теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады. Департамент қызметкерлері «Баршаның назарына!» сиренасы кезінде тұрғындардан үрейленбей, тыныштық сақтауды сұрайды.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА 9 МЛН-НАН АСТАМ ШАБАҚ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

МЕЙІРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ ПАНКРАТИОННАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ БАСТАЛДЫ