Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

337 мың теңге. Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы аталды

БЖЗҚ мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинағының жалпы сомасы 8,9 триллион теңгеге жеткен.

2017 жылдың қазанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 18 пайызға, яғни 1,4 миллион теңгеге көп. Ал 2018 жылдың басынан бері 1,1 триллион теңгеге (14 пайызға) көбейген.

«Зейнетақы төлемінің ай сайынғы минимал мөлшері (графикке сәйкес) —  15 273 теңге, ай сайынғы орташа төлем — 20 179 теңге, ал ай сайынғы максимал төлемі — 337 059 теңге», — деді БЖЗҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.

БЖЗҚ мәліметінше, 2018 жылдың 9 айында жалпы сомасы 338,3 мың теңге болатын зейнетақы шоты ашылған.  Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті аударымдар екені айтылады. Ол аударымдар 8,7 триллион теңгеге жеткен.

Ай сайынғы орташа аударымдардың сомасы — 15,6 мың теңге. Ал биылғы 9 айда аударымдардың мөлшері 617 миллиардқа жеткен.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

Оқи отырыңыз...

«ТАЗА МАҢҒЫСТАУ – 2026»: МАҢҒЫСТАУДА 90 КҮНДІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАЛДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕКРЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ОРТАША МӨЛШЕРІ 1,2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІҚазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге берілетін жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 1,2 миллион теңгені құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласының 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шығарған мәліметі осыны көрсетіп отыр. Бұл әлеуметтік төлем түрі жүктілік пен босануға, немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған заңды түрде жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады. Төлемнің нақты мөлшері үміткердің соңғы 12 ай ішіндегі ресми орташа айлық табысы негізінде жекелей есептеліп беріледі. 👶 Бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жәрдемақы Мемлекет тарапынан балалы отбасыларды қолдау мақсатында нәрестелі болған ата-аналарға (жұмыс істейтініне немесе істемейтініне қарамастан) берілетін тікелей жәрдемақы түрлері бекітілген: 🧑‍🍼 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға — 164 350 теңге; 👨‍👩‍👧‍👦 4-ші және одан кейінгі балаларға — 272 475 теңге. 🍼 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы төлем Бала өсіп, 1,5 жасқа толғанға дейін берілетін ай сайынғы қаржылай көмектің де өзіндік есептелу ерекшеліктері бар: 📊 Есептелу тәртібі: Жұмыс істейтін аналар (немесе бала күтіміне шыққан әкелер) үшін бұл төлем олардың соңғы екі жыл (24 ай) ішіндегі орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде есептеліп төленеді. 💳 Қазіргі орташа мөлшері: Қазақстанда бүгінгі таңда бала күтіміне байланысты беріліп жатқан бұл ай сайынғы төлемнің орташа көрсеткіші 86 062 теңгені құрап отыр.

В Атырау дорогая аренда помещений тормозит развитие частных детсадов