Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.
