Жаңалықтар

МӘДЕНИЕТТІ МАҒЛҰМАТ

Биыл мәдениет және архив саласын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 4 жарым миллиард теңге бөлінді. Оның 300 миллионға жуығы осы саладағы нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалған. Миллиардтаған қаражаттың бір бөлігіне Томарлы елді мекенінен 400 орындық және Махамбет ауданындағы Береке ауылынан 200 орындық мәдениет үйлері салыныпты. Ал, Махамбет ауданындағы Ақтоғай және Атырау қаласына қарасты Жаңаталап ауылдарындағы 200 орындық мәдениет үйлерін жыл соңына дейін тапсыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыс кітапханаларындағы кітап қоры да біршама жаңартылған. Қазір олардағы кітап саны екі жарым, ал оқырман саны екі миллионға жуықтаған.

Айта кетейік, Атырау облысындағы 300-ге жуық мәдениет ұйымы мен 9 мұрағат мекемелерінде екі жарым мыңға жуық адам еңбек етуде. Қазір басқарма Атырау облысының 80 жылдығына дайындық үстінде.

 Саламат САБЫР, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

— Жоспарымыздың алдағы бірінде «Туған жерге ағзым» деп аталатын тағы бір фестивальды жоспарлап отырмыз. Ол жерде бүкіл Атырау өңірінде туып-өскен, еңбек еткен елге белгілі танымал тұлғалардың қатысуымен өтетін тағы бір жақсы шараны жоспарға алып енгізіп отырмыз. Оған да өздеріңіз сол уақытта куә боласыздар. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *