Жаңалықтар

13 ШІЛДЕ — ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

13 шілде Қазақстанда коронавирус індетінен қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге жасаған үндеуінде жариялады. Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандықтар коронавирустың екінші толқынын бастан кешіп жатыр. Сондықтан екі аптаға карантиндік шектеулер енгізілген. Дәл осы шара пандемиямен күрестің шешуші кезеңі болуы тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті

  • Өкінішке орай, бұл індет көптеген қазақстандықтардың өмірін жалмауда. Мұндай ресми мәліметтердің артында жүздеген отбасының қайғысы жатыр. Біреуі өз әкесінен, анасынан, ағасы мен әпкесінен немесе ұл мен қызынан айырылып отыр. Мен бақұл болғандардың жақындарына көңіл айтамын. Бұл баршамыздың ортақ қайғымыз. Сондықтан 13 шілде пандемияның құрбаны болғандарды ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Сол күні әрқайсымыз қай жерде болсақ та, келмеске кеткендерді еске аламыз деп сенемін. Барлық отандастарымызды басымызға түскен сынаққа табандылық пен сабырлық және жауапкершілік танытуға шақырғым келеді. Коронавируспен күресті жалғастырып жатырмыз. Жеңіске жететінімізге күмән келтірмеймін. Бүгінде қол қуысырып отырмай, біздің бірлігімізді көрсететін кез келді. Біз әр қазақстандықты қиындықта қалдырмай, олардың өмірі мен денсаулығы үшін күресетін боламыз.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

0 %