Басты ақпаратЖаңалықтар

12 191 АТЫРАУЛЫҚ КӨЛІГІН ЗАҢДАСТЫРДЫ

Қазақстанда шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру мерзімі аяқталды. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше 23 қаңтардан бері өңірде 12 191 адам автосын легализациялап, мемлекеттік нөмір алған. Оның ішінде 6511-і Армениядан, 5253-і Ресей Федерациясынан,115-і Қырғызстаннан, 41-і Грузиядан, біреуі Дубайдан және тағы біреуі Белоруссиядан жеткізілген. Сонымен қатар 22 мамырдан бері 269 адам констуктор көлігіне еліміздің мемлекеттік нөмірін тағыпты. Тәртіп сақшылары легализация мерзімі ұзартылмайды дейді. Сондықтан еліміздің заңын бұзып, шетелде тіркелген көліктерді мініп жүргендер заң бойынша жауапқа тартылмақ.
Толығырақ https://fb.watch/lvJ-r4etB6/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *