Әлем жаңалықтары

📢🌎 ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 07.11.2023Ж.

🌎 ЦАХАЛ ХАМАС ОРТАЛЫҒЫН БАСЫП АЛДЫ
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Палестинаның Газа секторындағы Хамас бекіністерінің бірін басып алғанын хабарлады.
Әскерилер «бекініс» деп атайтын нүкте түнгі операция кезінде бақылауға алынды.
🌎 НЕПАЛДА ЖЕР СІЛКІНІСІ САЛДАРЫНАН 70-КЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Жер сілкінісі ошағы ел астанасы Катмандудан 500 шақырым жерде орналасқан Джаржаркот ауданында болды. Жерасты дүмпулері Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілді.
🌎 АЛБАНИЯДА ЗАҢСЫЗ МИГРАНТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ
Италия Албанияда мыңдаған заңсыз мигранттарды орналастыру үшін екі орталық салады. Бұл туралы Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Римде Албания премьер-министрі Эди Рамамен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.
🌎 УКРАИНАДА САЙЛАУ ӨТПЕЙДІ
Украина президенті Владимир Зеленский қоғамға сайлау тақырыбын шығару жауапсыздық екенін айтты. Ол қазір қаражат пен ресурстарды бағыттайтын басқа да толып жатқан нәрсе бар екенін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *