Басты ақпарат

📢🌎ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 26.01.2024Ж.

🌎ІЗ-ТҮЗСІЗ КЕТКЕНДЕР ӨЛДІГЕ САНАЛДЫ
Бейсенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы көшкін салдарынан із-түзсіз жоғалғандардың барлығы қаза тапқандар санатына енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy
🌎ЖАПОНИЯДА СТУДИЯНЫ ӨРТЕГЕН АДАМ ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛДІ
Жапонияда сот 2019 жылы Киото Animation студиясын өртеп жіберген Синдзи Аобаны өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Kyodo News.
🌎ШІРКЕУДЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ АКТІЛЕРІ БОЛҒАН
Германияның Евангелия шіркеуінен жанжал шықты: зерттеушілер соңғы онжылдықтарда кем дегенде 1 250 діни қызметкерден жыныстық зорлық және жәбір көрген 2 225 адамның есімін растады, деп жазады Еuronews.
🌎СЛОВАКИЯДАҒЫ ҮКІМЕТКЕ ҚАРСЫ МИТИНГІЛЕР
Словакия үкіметінің қылмыстық заңнаманы реформалау жоспарына наразы болған халық Братиславада митинг өткізді, сондай-ақ елдің басқа қалаларында да осындай акциялар өтті, деп хабарлайды РИА Новости.
🌎ГРЕКИЯДАҒЫ ЖЕКЕ УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯЛАР
Бейсенбі күні бүкіл елде Грекия үкіметінің мемлекеттік емес университеттерге рұқсат беру жоспарына қарсы жаппай демонстрациялар өтті, студенттер университеттерді басып алып, олардың жұмысын тоқтатты, деп хабарлады Грекияның ERT қоғамдық телеарнасы.
👉🏻 ТОЛЫҒЫРАҚ 👈🏻

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *