Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

​АҚШ мигранттарға оқ атуы мүмкін

Дональд Трамп қажеттілік туындаса, Мексика шекарасындағы мигранттарға оқ жаудыруға рұқсат берді. Бұл туралы The Military Times басылымында жарияланып отыр. 

Сонымен қатар АҚШ президенті аймақта тәртіпсіздік басталып, жағдай бақылаудан шығатын болса, Мексика мен АҚШ шекарасын түгелдей жауып тастайтынын айтты.

Алайда жаңа құжатқа Трамптың өзі емес, президент әкімшілігі аппаратының басшысы Джон Келли қол қойған.

Айта кетейік, қазір Мексиканың Тихуана мен Мехикали қалаларында Гондурас, Гватемала мен Сальвадордан келген мигранттардың саны 5 мың 600-ден асып кетті.

Дереккөз: 24.kz

Оқи отырыңыз...

Президент: Үкімет отставкаға кетуі керек деп есептеймін  

ИСАТАЙДА АУДАНДЫҚ ҚҰРАМАЛАР АРАСЫНДА ХОККЕЙДЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КТК АРҚЫЛЫ 65,5 МЛН ТОННА МҰНАЙ ЭКСПОРТТАЛДЫ: 2024 ЖЫЛҒЫ КӨРСЕТКІШТЕН 9 МЛН ТОННАҒА АРТЫҚ