Балалар аман қалды! Қаладағы «Авангард-2» ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйде болған өрттен бес бала құтқарылды. Оның екеуін сол жердегі күзетте тұрған полиция қызметкері алып шығыпты. Оқиға орнында жұмыс жасаған төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, тілсіз жау 40 шаршы метр жерді бүлдіріпті. Ал оның неден тұтанғандығы әзірге белгісіз. Болжам бойынша, өрт ересектердің қарауынсыз қалған балалардың ойынынан шығуы мүмкін.
Аслан КАМАЛОВ, Атырау облыстық төтенше жағдай департаментінің бас маманы:
— Өрт сағат 11.47 оқшауланып, сағат 11.55-те толықтай жойылды. Оның шығыны мен себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 5 техника мен 28 адам жеке құрам жұмылдырылды.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0