Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ӨРТТІҢ ҚАУІПТІ ЕКЕНДІГІН БАЛАЛАРҒА СПЕКТАКЛЬ АРҚЫЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері балаларға арнап «Өрттен сақтан!» атты спектакль қойды. Қойылым ертегі жанрында болды. Әртістер «Спанч Боб» мультфилміндегі балалардың сүйікті кейіпкерлерін сомдау арқылы оттың қауіпті екендігін түсіндірді. Кішкентай көрермендер спектакльде жан-жағын отқа орап, тіршілікті жою үшін арам пиғылын жүзеге асырмақшы болған жағымсыз кейіпкерлер — от патшасы мен оның нөкерлері және қоршаған орта мен орманды қауіптен сақтайтын су ханшайымы арасындағы қақтығысты тамашалады. «Балалар қойылым арқылы өрттің қауіпті екендігін, қауіп төнген кезде өздерін қалай қорғау керектігін түсінді», — дейді спектакльдің қойылуына себепші болған құтқарушылар.
Толығырақ https://fb.watch/l5Z6AH7TmP/

Оқи отырыңыз...

Педофилия мен бала өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру: Мәжіліс заң жобасын қабылдады

ҚҰЛСАРЫЛЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН 14 ВАГОН КӨМЕК МАҢҒЫСТАУҒА ЖЕТТІ

ПРЕКРАЩЕНА ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ 300 САЙТОВ