Жаңалықтар

ӨЛІМГЕ АСЫҚҚАНДАР

Атырауда өзін-өзі өлімге итермелейтіндердің саны артқан. Биыл облыс бойынша суицид жасауға әрекеттенгендердің саны жүзден асып, оның жартысынан көбі қайғылы жағдаймен аяқталыпты. Өз еркімен өмірімен қош айтысқандардың төртеуі жасөспірім.

Сондай-ақ, суицид жасап қорқыту да көбейген. Ондай адамдар өмірге аса қауіп тудырмайтын дәрі-дәрмек ішетін көрінеді. Ал жасөспірімдер арасындағы суицидке әлеуметтік желілердің әсері көп дейді мамандар.

Кешкі алтылар шамасында балық аулап отырған қос азаматтың көзі көпірдің жақтауынан өтіп, бір қолын бос жіберген қызға түседі. Жанталасып, көлікті қыздыра бастаған сәтте бойжеткен суға секіреді. Жігіттер ойланбастан суға сүңги жөнелген.

Қос азаматтың бірі монтер қызметін атқарса, ал екіншісі күзетші болып жұмыс жасайды. Ерлік жасаған екеуге Ринаттың Нұрғалиев жұмыс жасайтын мекеме басшылығы арнайы алғыс хат табыстап, «Рыболовный» дүкенінде жиналған балықшылар ұжымы батырларға көрсеткен ерліктері үшін балық аулау құрал-саймандарын табыс етті.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *