Жаңалықтар

ӨЗ ҮЙІН ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН

Индер ауданына қарасты Аққала елді мекенінде 28 жастағы тұрғын өз үйін өртеп жіберді. Ағайынды Дәулетқалиевтер ата-аналарынан ерте айырылған. Кішісі Жалғастың психикалық ауытқушылығы бар, баспанасын күл-талқан етуінің себебі де сол болса керек. Осы жағдайдан кейін науқас  облыс орталығына жіберіліп, ағасы Жарылғасын ауылдастарының көмегімен өртенген үйдің орнын жинап қалды. Оның жан күйзелісі айтпаса да түсінікті.


Жарылғасын ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ, тұрғын
-Інім Жалғас үйде жоқта үйді өртеп жіберді. Үй керек.

Жұмалиев көшесіндегі алты пәтерлік үй кезінде кеңшар кеңсесі, емхана болған-ды. Кейін ауылдағы мұқтаж отбасыларға баспана ретінде берілді.

Көппәтерлі болғандықтан лаулай жөнелген жалын көрші үйлерді де шарпыған. Енді жергілікті билік бұл жағдайға байланысты қолдан келгенше көмек көрсетеміз деп отыр, ауыл тұрғындары да атсалыспақ.


Ербол ДҮЙШІМ, Елтай ауылдық округінің әкімі

  • Алға қарай үйді бөлек жөндеуден көрі өз алдына бөлек үй болғаны жақсы деп шешті ауыл тұрғындарымен ақылдасып. Қазір екі ауылдың да тұрғындары көмек-қаржысын жинап жатыр. Материалдық көмек алу үшін құжаттарын дайындап жатырмыз. Бір пәтер түгелімен жанып кетті, екі пәтердің біраз жері жанды. Оның материалы бар, жасауы бар қаржылай шығынға қалып жатыр.

    Округ әкімі ағайынды жігіттер далада қалмайды деп уәде берді. Ай-күннің аманында зор шығынға душар болған отбасыларға қолдау көрсету үшін арнайы ашылған есепшотқа жерлестері қаржы аударып, баспана салып беруге бекініп отыр. Бүгінде Аққала елді мекеніндегі халық саны 900-ге жуықтайды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *