Жаңалықтар

ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЙЫҚ

Атырау, Caspian News.

Облыс әкімдігінің телеграмдағы чатына  Баймұханов көшесі, 39 үй тұрғындары тарапынан жер асты құбырының жарылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Онда айтылған ақпаратқа сенсек, жергілікті әкімдік шара қабылдамай, тұрғындардың мәселелері шешілмей жатырған көрінеді. Алайда, келіп түскен әр шағымды көзінен таса жібермей қадағалап отыратын әкімдік өкілдері пәтер иелері кооперативіне және тұрғын үй инспекциясы бөліміне  хабарласып,жағдайды анықтауды тапсырған.Тексеру жұмыстары жүргізіліп, қортындысында  жарылған тұрба мен кәріз суларының айналаға жайылуына тұрғындардың  өздері себепші көрінеді. Әкімдіктегілердің айтуынша,  бұл үй ПИК құрамында жоқ. Ал мұндай жағдайда баспаналарына қатысты туындаған мәселелердің бәріне тұрғындардың өздері жауапты екендігін ескерген жөн,- дейді әкімдіктегілер.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *