Жаңалықтар

ӨЗЕКТЕН ӨЛЕКСЕ ТАҒЫ ШЫҚТЫ

Қала маңындағы Перетаска өзегінен балықтардың өлексесі тағы да шыға бастады. Бұл туралы cntv.kz сайты хабарлайды.

Күн райының жылып кетуіне байланысты, өзектегі мұз ери бастаған болатын. Мамандар бұлардың өткен жылдан бері жиналмай қалған қалдықтар екенін айтып отыр.

Салааралық комиссия мүшелері кешелі бері жағадан 30 келідей қара балықты жинап алыпты. Ал өзектің орта жағына бару қауіпті болғандықтан, ол жердегі өлекселерді жинау әзір мүмкін емес.

Айта кетейік, Перетаска өзегінде өткен жылдың соңында ұсақ балықтар қырылып қалған болатын. Сол кезде олардың барлығының басы жұлынған, қабыршақтары зақымданғаны анықталған еді. Өзекке жауапты Атырау жылу электр орталығының мамандары сол кезде 1 тоннадан астам балық жинап алған болатын. Осы оқиғаға байланысты қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *