Жаңалықтар

Әкімнің баталы есебі

12 беттен тұратын баяндаманы 20 минутқа жуық оқыған қала әкімі, өткен жылы атқарылған істерді баяндап, биылға жоспарланып отырған жұмыстарға тоқталды. Соның ішінде, елдімекендерге инженерлік инфроқұрылым тарту жұмыстары биыл қарқын алатын көрінеді. Атап айтсақ, Әбілхайыр хан даңғылынан Сарыөзек елдімекеніне дейін магистральді ауыз су құбырын тарту құрылысының жобасы аяқталып, биыл аталмыш жұмыс басталмақ. Халықты алаңдатып отырған тағы бір мәселе, тұрғын үй мен жер учаскелерін бөлу.

Өткен жылдың қортындысы бойынша қаладағы кәсіпорындар жалпы құны 641 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, инвестиция тарту көлемі 522 млрд. теңгеге жуықтаған. Ал, қала тұрғындары әкімнің жұмысына оң баға берді. Дегенмен, шахардағы өзекті деген мәселелерді айтатын тұрғындардан гөрі, алғыс айтушылар көп болды. Кейбірі тіпті қала басшысына айтатынын алдын-ала дайындап, қағазға түсіріп әкеліпті.

Облыс және қала әкіміне алғыс қана айтылған жоқ. Бата да берілді. Жасалып жатқан жұмыстар көп, дегенмен проблема да аз емес. Жыл өткен сайын Жайық пен Қиғаш өзендерінің суы тартылып барады. Соның әсерінен болашақта аймақ халқын ауыз сумен қамтамасыз ету қиындауы мүмкін екендігін тілге тиек еткен облыс басшысы, бұл мәселе үкімет деңгейінде көтеріліп отырғанын айтты. Көршілес Ақтөбе облысынан Атырауға ауыз су тарту мәселесіне мемлекет қыруар қаражат бөлген көрінеді.

2 сағатқа созылған есептік жиында барлық салаға егжей-тегжейлі тоқталған қала басшысы, өткен жылы жасалып үлгермеген жұмыстардың биыл орындалатындығына сендірді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *