Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ӘКІМДІКТЕН МИНИСТРЛІККЕ

Атырау облысы әкімінің экс орынбасары Серік Шапкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. Серік Шапкенов 41 жаста, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Одан кейінгі уақытта Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын иеленді.  2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін Атырау қаласының әкімі болып жұмыс істеді. Ал 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА ЖОСПАРЛЫ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

COVID-19: БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІНЕН АНЫҚТАЛДЫ

АВТОГАЗ ЖЕТПЕЙ ЖАТЫР (видео)