Кезекті рет өткен әдеп кеңесінің отырысында әкімдер мен басқарма басшыларының әрекеттері қаралды. Құзырлы және атқарушы орган өкілдерінен құралған кеңес мүшелері қалаға қарасты 4 селолық округтің әкімін әбден састырды. Тексеріс қорытындысы бойынша, олар жер телімін беру кезінде өз қызметтік лауазымдарын асыра пайдаланған. Дегенмен, олар өздерін қателікке жол бердік деп есептемейді екен.
Айта кетелік, әкімдер жер телімін алуға рұқсат беретін комиссия құрамында жоқ. Құзырет — жер қатынастар бөлімінде. Егер комиссия оң шешім шығарса олардың келіспеске шарасы жоқ. Тіпті заң бұзылған болса да. Ал құзырлы орган өкілдері мұны жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, қорытындыда заң бұзушылық байқалса, басшылар шешім шығарудан бас тарту керек.
Тәртіптің кеңестің талқысына Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан да түсті.
Қазір бұл іспен тиісті орындар айналысып жатқан көрінеді. Сонымен қатар, кеңесте «Арнаулы Автобаза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің жұмысы да қаралды. Аталған бөлімде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында мүлдем жұмыс жасалмапты. Мұндағы халыққа мобильді қызмет көрсету үшін ашылған WhatsApp желісі жұмыс жасамайды. Сондай-ақ, бұл мекемеде кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылғандығыда анықталыпты.