Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Бүгін қаладағы «Жайық» спорт кешенінде Президент шыршасы өтті. Оған қатысушыларды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алда келе жатқан 2019 – Доңыз жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Салтанатты шараға аймақтағы мүгедек, жетім және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ, оқуда және спортта жетістікке жетіп жүрген 900-ге жуық бала қатысты. Олардың 300-ден астамы аудандардан шақырылған болса, қалғаны – қалалықтар. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысқан мерекелік шоу-бағдарлама аясында ертегі кейіпкерлері театрландырылған көрсетілім қойып, республикаға танымал өнер жұлдыздары ән шырқады. Сондай-ақ, балалардың барлығына жаңажылдық сыйлықтар үлестірілді.

 

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *