Агроөнеркәсіптік кешен, мұнай және тау-кен металлургия өнеркәсібі, тұщы суға қол жеткізу, өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту саласындағы ғылыми зерттеу. Мұның бәрі қай елдің болмасын экономикалық дамуына ерекше ықпал ететін стратегиялық бағытқа жатады. Алайда, елімізде ғылымға бөлінетін қаржы көлемі жалпы шығыстың 1%-ы ғана. Бұдан кейін ғылымды, экономиканы дамыту туралы әңгіменің артық екендігі айтпаса да түсінікті. Осыдан біраз уақыт бұрын мемлекет басшысы өңірлерде ғылым мен инновацияны дамытыңдар деп айтудай-ақ айтқанмен, оны жергілікті атқарушы органның бір де бірі құлаққа ілмеген. Мысалы ғылыми жобаларды қаржыландырып, осы салаға инвестиция тартуға жұмыстанайық деген жан болмапты. Тіпті ғылымды қаржыландыруға қатысты бюджеттік бағдарлама атымен жоқ. Ол ол ма, жауапты адам да бекітілмеген. Қысқасы президенттің айтқан сөзі сол жерде қалғанға ұқсайды. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жуықта Атырауға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев келіп, ғылымды дамыту маңызды екенін жиылғандардың есіне тағы бір рет салды.

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0