Атырау, Caspian News.
Қала дәріханаларында орын алып отырған жағдайға байланысты тиісті мамандар түсінік берді. Атырау облыстық фармация департаменті басшыларының айтуынша, халық арасында айқай-шудың туындауына фармацевттер кінәлі. Яғни, бұрын кепілдендірілген тегін медициналық көмек бойынша берілетін дәрілердің рецептісін үш жыл бойы сақтау керек болатын. Ал, қазір, дәрігердің берген барлық рецептісі дәріханада қалып, үш жыл бойы сақталуы тиіс және оған фармацевттер бастарымен жауап береді. Өзгерісті дұрыс түсінбеген олар жауапкершіліктен қорқып, бәрінен рецепт сұраған.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0