Жаңалықтар

ҮШІНШІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Атырауда қауіпті індеттен үшінші адам қайтыс болды. Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылының 72 жастағы тұрғыны екі жақты пневмония диагнозымен аудандық ауруханаға түскен.  Марқұм зейнеткердің артериалды гипертензия, тамырдан шыққан прогрессивті дискркуляторлы энцеопатия, бауыр стеатозы, созылмалы панкреатит аурулары да болған. 4 маусым күні коронавирустың  бар-жоғын анықтау үшін тексеруден өтіпті. Кейін науқасты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыруға дайындаған кезде жағдайы күрт нашарлаған. Дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жасағанымен нәтижесіз болыпты. Ал ертеңгілік бұл инфекцияны жұқтырған тағы 11 адам тіркелді. Екеуі Теңіз кен орнының жұмысшылары болса, жетеуі — жылыойлықтар.  Одан бөлек, Атырау қаласының тұрғыны мен ЖРВИ симптомымен дәрігерлер көмегіне жүгінген құрманғазылық тағы бір науқас бар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *