Жаңалықтар

ҮМІТ ОТЫН СЫЙЛАЙЫҚ

«Үміт отын сыйлашы». 1 жарым жастағы Мұхаммед Сағынның еміне қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық концерті осылай аталды. Алматылық дәрігерлер Мұхаммедке 10 айлық кезінде оң жақ бүйрегінде қатерлі ісік бар деген диагноз қойып, бір бүйректі түгелдей алып тастаған. Сәби 9 рет химиятерапия курсынан өтсе де, нәтиже болмай, ісік қазір екінші бүйректі зақымдапты. Өкінішке қарай, отандық ақ халаттылар әрі қарай көмек көрсетуден бас тартқан. Бірақ, түркиялық дәрігерлер бүлдіршінді ажалдан арашалап қалуға әлі де үміт бар деп отыр. Тек ол үшін қомақты қаражат керек. Сондықтан қарапайым отбасы көпшіліктен көмек сұрайды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *