Жаңалықтар

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ

Атырау облысында қатерлі дертке шалдыққан балалар саны 60-тан асады.

Ал, Қазақстан бойынша жыл сайын онкологиялық және гематологиялық диагноз бойынша 600-ге жуық бала тіркеліп отыратын көрінеді. Дәрігерлердің айтуынша, кішкентайларды ажалдан аман алып қалу үшін қажет донор тапшы. Мемлекет тарапынан берілетін квотаны да ұзақ уақыт күтуге тура келетін көрінеді. Сондықтан, баласы үшін шырылдаған ата-ана көп жағдайда халықтың көмегімен қаражат жинап, шетел асуға мәжбүр. Осы мәселеге орай, Атырау облыстық ауруханасында тренинг өтті. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының, түрлі қоғамдық қорлардың өкілдері, онколог-гематолог мамандар мен ата-аналар қатысты. Тренинг барысында балалар арасындағы онкологиялық ауруларды ерте анықтау және олардың өмірін құтқару үшін сүйек кемігін трансплантациялау мақсатындағы қауіпсіз донор мәселелер көтеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *