Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ИСАТАЙ-МАХАМБЕТ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА ӨТЕДІ

Биыл атыраулықтар құрбан айт мерекесін Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда атап өтеді. Алаңда таңғы алты жарымда айт намазы оқылып, сағат онда мерекелік іс-шара басталады. 14 киіз үй тігіліп, халыққа дастархан жайылмақ және 10 мыңға жуық балаға тәтті таратылады. Облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының сөзінше дін мен дәстүр ұштастырылған рухани жиынға да бір сағат уақыт бөлініп, оның соңы қазақтың терме, күйлері орындалатын концерттік бағдарламаға жалғасады. Мерекелік іс-шара мұнымен шектелмейді. Күрес, арқан тартыс, қой көтеру сынды спорттық жарыстар ұйымдастырылмақ. Балалар үшін тегін батут орнатылады. Айтқа арналған мерекелік жиын түскі сағат бірде аяқталмақ.
Толығырақ https://fb.watch/luh8m8Gx81/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *