Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ә.СМАЙЫЛОВ МАЭК-ті ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмысының барысын тексеру үшін Ақтауға келді. Комбинатты аралаған Әлихан Смайылов Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен «МАЭК» ЖШС бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиевтің қазіргі ахуал туралы, сондай-ақ болған апаттың салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндамаларын тыңдады. Премьер-Министр МАЭК-тің энергетикалық жабдықтарының тозуы себепті техниканың істен жиі шығып, апатты жағдай тудыратынын атап өтті. Және облыс басшыларына комбинатты жаңғырту жұмысын жеделдетуді нықтап тапсырды.
Толығырақ https://fb.watch/mgvHH-aHoV/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *