Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ПЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің осы жолғы отырысында қоғамдық көлік пен азық-түлік тақырыбы талқыланды. Кеңес мүшелері автобустардың тазалығы, жүру уақыты және аялдамалар мәселесінің әлі шешілмей отырғанын айтты. «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің» басшысы Әлібек Мұхамбеталиевтің сөзінше, бұған автопарктер арасында бәсекенің жоқтығы себеп. Сондықтан, қазір жолаушылар тасымалдайтын өзге де мекемелермен жұмыс істеу жағы қарастырылуда. Ал Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев алдағы уақытта 100 дана аялдама мен 300 аялдама белгісі орнатылатынын айтты. Және тағы да автобустар сатып алынбақ.
Толығырақ https://fb.watch/l5XqlySXJj/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *