Жаңалықтар

ҚОСЫМША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Коронавирустың өршуіне байланысты Теңіз кен орнында арнайы режим мен қосымша шектеу шаралары енгізілуде. Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен «Теңізшевройл» ЖШС-і провизорлық стационар ашуды ұйғарды. Енді өндірістің шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жұмысшылар мен көлік құралдарынан басқасына кен орнына кіріп-шығуға тыйым салынады. Ережеге сәйкес, барлық жолға блок-бекеттер қойылады. Ал сырттан келген кез-келген қызметкер COVID-19-ға сынама тапсырып, 14 күндік карантинге жатқызылады.

Алмагүл КӨШКІМБАЕВА, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің бас маманы

  • Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың санын ескере отырып, COVID-19 инфекциясының қандай да бір белгілері бар тұлғалар үшін 300 орындық провизорлық стационар дайындалады. Сондай-ақ, вахталық қалашықтарда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды оқшаулау талаптарына сәйкес арнайы орындар да ұйымдастырылды. Кен орнында түнгі ауысым қызметкерлері мен жедел көмек көрсететін персоналдардан басқа ішкі және вахталық қалашықтар арасында сағат 21:00-ден 5:00-ге дейін жүріп-тұруға тыйым салынады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *