Басты ақпаратЖаңалықтар

«ҚАУІПСІЗ ӨНІМ ТАҢДА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Атырауда «Қауіпсіз өнім таңда» акциясы өтті. Басты мақсат – тұтынушылардың сатып алған тағамының адам өміріне қауіпсіздігін анықтау. Іс-шараны Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «7-маусым дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне» орай ұйымдастырды. «Сарайшық» коммуналдық базарында өткен акция кезінде тұрғындар өздері сатып алған көкөністердің құрамындағы нитраттың мөлшерін, сүт, ет өнімдерінің балғындығы мен майлылығын тексерді. Жыл сайын ұйымдастырылатын акция алдағы уақытта да өтеді дейді мамандар.
Толығырақ https://fb.watch/l5ZkMxhB00/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *