Атырауда Қаршыға Ахмедияровтың ескерткіші ашылды. Қазақстанның халық әртісі, белгілі домбырашыға арналған тас мүсін қаладағы «Қазақстан» қонақ үйінің алдына орнатылды. Ескерткіштің авторы  — ҚР Мәдениет қайраткері Едіге Рахмадиев. Тас мүсіннің биіктігі үш жарым метр, ал ондағы   барлық жазбалар латын қарпінде басылған. 
Сондай-ақ, салтанатты шарадан кейін Нұрмұхан Жантурин атындағы облыстық филармонияда сазгердің шығармашылығына арналған концерт ұйымдастырылды. Айта кетейік, Қаршыға Ахмедияров белгілі күйшілердің шығармаларын шебер орындаушы ғана емес, өзі де 60-тан астам күйдің авторы.
What is your reaction?
                      
                    Excited        
                
                                0
            
                                        Happy
                
                                0
            
                                        In Love
                
                                0
            
                                        Not Sure
                
                                0
            
                                        Silly
                
                                0
            
                                                
                    







