Жаңалықтар

АКЦИЯ АЯҚТАЛДЫ

Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде ұйымдастырылған «Ашық есік күні» аяқталды. Бұл шара 21-26 қаңтар аралығында аталып өтеілетін дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы апталық аясында өткен еді. Мақсаты — 30 бен 70 жас аралығындағы әйел адамдардан жатыр мойынының қатерлі ісігін анықтау, алдын-алу шараларын жасау. Онкологиялық диспансер басшылығының айтуынша, акция аясында 170-ке жуық адам тексеруден өткен. Негізі, бұл аурудың бастапқы сатыдағы белгілері арнайы тексеріссіз анықталмайды. Адам ағзасында да да айтарлықтай өзгерістер байқалмауы мүмкін. Сол себепті әйелдер белгілі бір уақыт сайын тексерістен өтіп тұру керек, — дейді дәрігерлер.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *