Қаладағы «Жайық» мәдени-спорт кешенінде қаржы саласының және екінші деңгейлі банк филиалдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оны ұйымдастырған ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы өкілінің сөзінше іс-шара «Ұлттық валюта — теңгенің 30 жылдығына» орайластырылған. 15 команда қатысқан сайыста — Kaspi bank aкционерлік қоғамының Атырау филиалы жеңімпаз атанды. Ал, 2-орын — «Қазақстан Халық банкі», 3-орын «Казпочта» АҚ-ның командасына тиді.
Толығырақ бейнематериалда https://fb.watch/nS9CvGF5Iz/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0