Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ: «САБЫР САҚТАҢЫЗДАР»

Қала әкімі Қайрат Оразбаев Атыраудағы ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, бірнеше мәселені бірігіп талқылады.

Тақырып бұралқы ит-мысық төңірегінде басталып, жер телімдерінің заңсыз берілуі, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторларының тұрғындармен қарым-қатынасы және мемлекеттік қызметкерлердің мәдениеттілігі туралы айтумен аяқталды. Мысалы, «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Атырау қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне көңілдері толмайтынын айтты. Сөздеріне қарағанда, бөлімнің қызметкерлері емес, олардың басшылары өз қызметіне жауапсыз қарайтын көрінеді.

Жолдас ҒҰМАРОВ, «Мөлдір көз» ҚБ өкілі

Хабиева ханымға қатысты барлық заң бұзушылықтардың бірін қалдырмай тіркеп жүрміз. Қанша жазсақ та нәтиже жоқ. Қазір оған қатысты іспен ұлттық бюро қызметкерлері айналысып жатыр. Қызметін атқару кезінде барлық ереже мен заңның бұзылуына жол беріп отыр. Жыл сайын тек қатаң сөгіс алып құтылып кетеді. Неліктен мемлекет ондай адамды әлі күнге дейін ұстап отыр?!

Қайрат Оразбаев аталған бөлімнің мамандармен қамтылуы небары 50 пайыз екендігін және алдағы уақытта соған орай нақты жұмыстар жүргізіліп, бөлім қызметін ретке келтіруге уәде етті. Бірақ, қарамағындағы қызметкерлерге қатысты кемшіліктер расталса, олардың заңға сәйкес жауап беретіндігін ескертті.

Қала әкімі жиын барысында көтерілген әрбір мәселені жауапсыз қалдырмай, олар бойынша нақты жұмыстарды қолға алуды орынбасарларына тапсырды.

Жанаргүл Бисенова, Айбек Өтемісов, КН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *