Атырау қаласы күніне орай қала әкімдігі мен спортты қолдау және дамыту қорының ұйымдастыруымен велошеру өтуде. 9 шақырымға созылатын велошеру Махамбет атындағы облыстық драма театрынан бастау алып, Азаттық даңғылына дейін жалғаспақ. Велошеруге 1000-нан астам үміткерлер қатысуда. Олардың арасында еліміздің өзге де облыстарынан келгендер де бар. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне де шектеу қойылмаған. Солардың бірі 1976 жылдан бері велоспорт жарыстарының бірін де жібермей қатысып келе жатқан Асқар Қазиев.
Асқар ҚАЗИЕВ, қатысушы:
— Бүгінгі таңда мұнай газ университетінің студенттер командасымен 10-ның үстінде адам келіп тұрмыз. Негізгі мақсатымыз велоспорт түрін Атырау қаласының тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын сақтай отырып велоспортын дамыту. Осыны насихаттау мақсатымыз. Енді біздің студенттер Тараз, Шымкент, Алматыдағы велошеруге қатысып жүрген студенттер.